Кіріспе

     Тарбағатай колледжі1959 жылы КСРО Жоғарғы кеңесінің жарлығымен құрылған.

Қайта ұйымдастырылуы: 1959 – 1965 жылдары - № 106 ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі.

1965 – 1977 жылдары - № 106 Ақсуат   ауылдық  кәсіптік  техникалық  училищесі.   

1977 – 1987 жылдары - № 106 Ақсуат орта кәсіптік-техникалық училищесі.  Семей облыстық білім беру басқармасы. Ақсуат  ауданы, Ақсуат  ауылы.

1987 – 1995 жылдары  №17 Ақсуат орта кәсіптік-техникалық училищесі. Семей облыстық білім беру  басқармасы.

1995 жылы    Семей   облыстық   маслихаты мен облыс   әкімдігінің  қаулысы және бұйрығымен  № 17 Ақсуат орта   кәсіптік -техникалық   училищесі  таратылып,  ғимараттары мен мүліктері  Ақсуат  аудандық   білім  бөлімінің   есебіне   берілді.

1995-1996 жылдары  Шаруашылық   есептегі  оқу-өндірістік орталығы.  Семей  облыстық  білім   басқармасы.

1996-2003  жылдары  № 17 Ақсуат кәсіптік -техникалық мектебі.  Облыстық   білім   басқармасы.

2003-2008 жылдары  Ақсуат № 17 кәсіптік мектеп.  Шығыс Қазақстан облыстық білім  басқармасы. 

2008 жыл «№ 17 кәсіптік лицей»   мемлекеттік мекемесі. Шығыс Қазақстан облысы  әкімдігінің  2008 жыл 4 қарашадағы № 192 қаулысы, облыстық  білім  басқармасы  бастығының  20 ақпан  2009  жылғы бұйрығы.

24.04.2012 жылғы Шығыс Қазақстан облысы  әкімдігінің №91 қаулысымен «Тарбағатай колледжі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі.